

«Қосай ата» мешіті: Ережеп айының құрметіне жамағатпен рухани жиын өтті
Қасиетті Ережеп айының құрметіне орай Жаңаөзен қаласының маңындағы Теңге ауылында орналасқан «Қосай ата» мешітінде жамамағатпен айлық отырыс ұйымдастырылды.
Мешіт жамағатының ауызбіршілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған жиынға Жетібай ауылдық «Сүйінғара батыр» мешітінің қызметкерлері мен жамағаты шақырылды.Игі шарада мешіт бас имамы Бахарамұлы Нұрмұхаммед Ережеп айының қадір-қасиеті жайлы уағыз-насихат айтты.
Сонымен қатар, жамағатпен бірге діни сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылып, түрлі қызықты ойындармен жалғасын тапты.Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар үлестірілді.
Дәстүрге айналған айлық шаралардың мақсаты Маңғыстау облысы мешіттері жамағатының ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту, бауырмалдық қатынастарын күшейту екендігін айта кеткеніміз жөн.