«Қолдан-қолға» жобасы : Шаңырақ мешітінде қайырымдылық көмек көрсетілді
Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінде қайырымдылық бағытындағы игі істер жалғасын табуда.
Осы орайда мешіттің наиб имамы Қуандыков Дінмұхамбет Әлиұлы екі мұқтаж жанға қайырымдылық көмек көрсетті. Атап айтқанда, мешіттен көмек сұрап келген қарындасымызға азық-түлік себеті табысталса, Жаңаөзен қаласы, 3-шағын аудан, 27-үйде тұратын Айман есімді мүмкіндігі шектеулі апамыздың үйіне арнайы барып, азық-түлік түрінде көмек көрсетілді. Сонымен қатар наиб имам апамыздың жағдайымен танысып, көңілін сұрады.
Қайырымдылық – Ислам дінінде ерекше дәріптелетін ізгі амалдардың бірі. Мұқтаж жанға қолдау көрсету, үлкенге құрмет танытып, қиындыққа тап болған адамның жанынан табылу – имандылық пен адамгершіліктің айқын көрінісі. Кейде аз ғана көмек адамның көңіліне қуаныш сыйлап, өмірге деген үмітін арттырады.
