Дін мен дәстүр бағытының алдағы жұмыс жоспары талқыланды
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде өңір имамдарына арналған семинар аясында «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша баяндама жасалды.
Аталған бағыттың өңірдегі жауапты маманы Құрбанбек Лашкербекұлы баяндама жасап, сектордың алдағы жұмыс жоспары мен негізгі міндеттерін таныстырды.
Баяндама барысында ұлттық салт-дәстүрлер мен діни құндылықтарды сабақтастыра насихаттау, халық арасында дәстүрлі тәрбиені дәріптеу, отбасы құндылықтарын нығайту және дін мен дәстүрдің өзара үйлесімін түсіндіру бағытындағы жұмыстарға тоқталды.
Сонымен қатар, алдағы уақытта мешіттерде осы бағыттағы іс-шараларды жүйелі ұйымдастыру, ел арасында тағылымды кездесулер өткізу және ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау міндеттері сөз болды.
