

«Қолдан қолға» жобасы:100 отбасыға қайырымдылық көмек берілді
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Зекет және қайырымдылық» қоры «Қолдан қолға»жобасы аясында қайырымдылық акциясы өткізілді.
Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан қала көшелерінің таза болуы үшін күні-түні еңбектеніп жүретін қала тазалықшыларын қолдау мақсатында өткен игі шарада Ақтау қала жолдары мен тазалық мекмелерінде қызмет жасайтын 100 қызметкерге ер және қыз балалардың қыстық киімі берілді. Көмек алған отбасылар мешіт қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, қызметтеріне береке тіледі.
Қайырымдылық шарасына атсалысқан жандарға Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің атынан алғысымызды білдіреміз!Алла ниеттеріңізді қабыл етсін!