blog Images

«Қазақ қоғамындағы тарихта есімі қалған аналардың келбеті»атты форум өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Бейнеу аудандық «Ыбырайым ахун» мешітінің ұйымдастыруымен Бейнеу аудандында әйел-қыздар арасында «Қазақ қоғамындағы тарихта есімі қалған аналардың келбеті» тақырыбында форум өтті.

Форумға Бейнеу ауданының бас имамы Адайбек Дүйсенбаев , әйел-қыздар ұстаздары мен ауданның қыз келіншектері және ақ жаулықты аналары қатысты. Құран мен басталған алқалы жиынды Бейнеу ауданының бас имамы алғы сөзімен ашып берді. Сөз тізгінін алған Маңғыстау облысының әйел-қыздар сектор жетекшісі Ұлдаулет Қоңыратбайқызы «Тарихтағы аналарымыздың келбеті » тақырыбында баяндама оқыды. Бекет ата мешітінің ұстазы Ақмарал Сейсенбайқызы «Ихсан және Әйел» тақырыбында баяндама жасады. Кәзіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі Отбасындағы ене мен келін қарым қатынасы жайлы сөз сөйлеген «Асыл аналар» әжелер мектебінің жетекшісі Ақзер қажы апамыз көпшілікті өнегелі отбасын сақтауға қыз тәрбиесіне ерекше мән беруге шақырды. Жиын соңында ұстаздар Көпшілік тің сұрақтарына жауап берді.