blog Images

Қасиетті Рамазан айында 40 шәкірт Құранға түсті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінде Құран дәрісін алушы шәкірттерді Рамазан айының ішінде Құран оқи алатындай деңгейге жеткізу тапсырмасымен «Рамазанда бір айда Құранға түс» жобасы басталған болатын.

Құран үйрету курстарына ықылас танытып, дәріске қызыққан балалар мен ересек шәкірттер тұрақты қатысуы арқылы курсты толық меңгерді. Нәтижесінде Құранға түсіп,Қасиетті Қадір түні Құран дәрісін аяқтаған  40 шәкірт арнайы марапатталды.