blog Images

Қарттар үйінде ауызашар дастарханы жайылды

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы  «Ізгі қоғам» бағыты аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Рамазан айындағы дәстүрлі жоспарларының бірі «30күнге-30 игі шара» аясында Ақтау қалалық  «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен қарттар үйінде ауызашар берілді.

Айлардың сұлтаны Рамазан айы әрбір мұсылманға игі істермен көрінуге мүмкіндік береді. Осы орайда қазыналы қарттарымыз да назардан тыс қалған жоқ.Қасиетті Құран Кәрім оқылып, ауызашар дастарханы қарттарымыз үшін дұға жасаумен басталды. Тағдырдың түрлі жолымен осы жерге келіп бас қосқан аталарымыз бен апаларымыз да өз кезегінде сауапты сыйға ақ баталарын беріп, жақсы тілектерін жеткізді.