blog Images

Қарақия ауданы:Мектеп оқушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді

«Ислам және дәстүр құндылығы» аясында Қарақия аудандық орталық мешітінің бас имамы Руслан Пірманов №1 орта мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

«Діни экстермизмнің алдын алу» тақырыбында өткен кездесуде имам діни экстремизм көріністерінің алдын алу және дәстүрімізге жат ағымдардың зиянын түсіндіру мақсатында баяндама жасап, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.