Қарақия ауданы: Дәстүрлі садақ ату дәстүрі қолға алынды
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы «Дін мен дәстүр» бағыты аясында Қарақия аудандық орталық мешітінде жамағат арасында дәстүрлі садақ ату дәстүрі қолға алынды.
Қазақтың бай тілінде «мерген» дейтін сөз, яғни атау бар. Ерте кезде садақ ату мен мергендік өнер бір сөзбен айтқанда, ұлыстың бекемдігі үшін баға жетпес құндылық саналған. Сондықтан көшпелі халқымыз ер баланы жастайынан садақ ұстауға баулып, елін қорғауға тәрбиелеген.
Қарақия аудандық орталық мешітінің бас имамы Прманов Руслан Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетін жаңғырту мақсатында жамағат арасында садақ ату дәстүрінен жарыстар ұйымдастырылып отыратындығын,ұлттық дәстүрлі ойынды дамытуға арналған шаралар ұйымдастырылып отыратындығын айтып өтті.