Қарақия ауданы: Азық-түлік дүкендеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді
“Ислам және дәстүр құндылығы” жылы аясында Қарақия аудандық орталық мешіті қызметкерлерінің бастамасымен ауыл ақсақалдарымен біргелікте “Рамазан айына дайындық” акциясымен азық-түлік дүкендерінде спирттік өнімдерді сатуға тыйым салу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қарақия аудандық орталық мешітінің бас имамы Руслан Прманов азық-түлік дүкендеріне өткен түсіндірме жұмыстарында тек Рамазан айында ғана емес,барлық уақытта спирттік өнімдерді сатуға тыйым салуға және ҚМДБ Халал сертификатын алған,адал әрі халал өнімдерді тұтынуға шақырды.

