blog Images

Қарақия аудандық мешіті:»Рамазанға дайындық» атты дәріс өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Қарақия аудандық орталық мешітінде Қасиетті ай қарсаңында мешіт бас имамы Прманов Руслан жамағатқа «Рамазанға дайындық» атты дәріс өтті.

Рамазан айына да келіп жеттік. Бұл ай, расында, өте қадірлі де ерекше, мұсылман қауымы үшін берекелі де жолбасшы уақыт. Бұл жайында Құран Кәрімнің «Бақара» сүресінің 185-аятында: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам бірден ораза ұстасын. Егер біреулер ауру болып, әйтпесе жол сапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесін. Алла сендерге жеңілдік болуын қалайды, ауырлық түсіргісі келмейді» делінеді. Демек, осы айда қазақ жұрты қадір тұтатын Құран аяттары түсіріліп, мұсылман халқына ораза парыз етілді.

«Рамазан айында тұтқан ораза бізді сабырлыққа, қиындыққа мойымауға, ерік-жігерімізді шыңдауға, нәпсімізді тәрбиелеуге үйретеді. Алла тағала баршамызды рамазан оразасын шын ынта- ниетімен тұтушылардан етіп , жалған дүниенің бір күндік қызығына алданып , рамазан айының сауабынан құр қалмайық!-деді мешіт бас имамы.