blog Images

Қарақия аудандық мешітінде жамағатпен айлық отырыс өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Қарақия аудандық орталық мешітінде 1 наурыз — Алғыс айту күніне орай ,мешіт асханасында жамағатпен айлық отырыс өтті.

Жиында мешіт бас имамы Руслан Прманов  жамағаттың ауызбіршілігі мен Рамазан айының қадір-қасиеті туралы,  «Рамазанға дайындық» тақырыбында уағыз айтты.Сонымен қатар,алғыс айту күнімен тұспа -тұс келген айлық отырыста,мешіттің белсенді азаматтарына алғыс айтылып,арнайы алғысхаттармен марапатталды.

Игі дәстүрге айналған айлық шаралардың мақсаты Маңғыстау облысы мешіттері жамағатының ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту, бауырмалдық қатынастарын күшейту екендігін айта кеткеніміз жөн.