Қарақия аудандық мешітінде «Аталар мектебінің» жиыны өтті
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Қарақия аудандық орталық мешітінде «Аталар мектебінің» жиыны өтті.
Жиында арнайы алғы сөзді алған мешіт бас имамы Руслан Прманов ақсақалдардың қоғамдағы мәртебесі жөнінде сөз қозғап, аталар институтының орны айрықша екендігін тілге тиек етті.
Шараның басты мақсаты қазақ отбасының қазынасы саналатын қариялардың өнегесі арқылы жас буынды өнеге мен ізгілікке тәрбиелеу.Жиында өңір бойынша аталған маңызды жобаның жылдық жұмыс жоспары таныстырылды.
Жиында жаңа бастамаға ақсақалдар қауымы қолдау білдіріп, Құран оқылып, дұға жасалды.