blog Images

Қарақия аудандық мешіті «Рамазан қоржыны» жобасына үлес қосты

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында  Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Қарақия аудандық орталық мешітінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» ұйымдастыруымен  «Рамазан қоржыны» атты қайырымдылық шарасы өтті.

Дініміз Исламда мұқтаждарға көмек көрсету аса сауапты амал делінген. Аталған шара барасында аз қамтылған және көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі т.б санаттағы 30 отбасыға азық-түлік таратылды.Қайырымдылық акциясына мешіт имамдары мен қызметкерлері атсалысты.Көмекке ие болған отбасылар өз алғысын білдірді.