blog Images

«Қаламызға кітап сыйла» акциясы жалғасын тапты

Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінің ұйымдастыруымен «Қаламызға кітап сыйла» акциясы жалғасын тапты.

Кітап мәртебесін көтеру мен жастарға кітап оқуды насихаттау мақсатында бұл ұйымдастырылған акция барысында  «Әбіш қожа» мешіті орталық кітапханаға 100-ден астам құнды кітаптар сыйлады.Акцияға қатысқан мешіт имамы Қажымұқан Дәлубаев ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұра – кітап екендігін, өткеннің рухы, келешектің кілті, мәдениеттің биік шыңы да осы кітапта жатқандығын айтып, жастарды кітап оқуға, сол арқылы білімдерін жетілдіруге шақырды.

Акцияның мақсаты — кітапхана қорын толықтыру, еңбекті сүюге, жалпыұлттық құндылықты әрбір жастың бойына сіңіруге, білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосып, жастардың кітап оқуы үшін оларды кітапханаға тарту.Акцияға үлес қосқан жандарға мешіт тарапынан алғысымызды білдіреміз!