blog Images

Орталық мешіттте «Жомарт Жұма» акциясы өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде  қасиетті Рамазан айында «Жомарт Жұма» акциясы өтті.

Акция аясында 15 көп балалы отбасының балаларына «Дарын» оқу орталығына 15000 теңге сертификат және «Рамазан тәттілері» табысталды. Акция аясында көп балалы аналар аталған оқу орталыққа балаларын 1 ай бойы тегін оқыта алады. Орталықта Домбыра, Қолөнер, Спорттық ойындар , Тілдерді оқыту ,т.б курстар бар.