blog Images

Орталық мешітте «Пәтуа сағаты» тұрақты түрде жалғасуда

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата «мешітінің ұстазы,ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің Маңғыстау облысы бойынша жауапты маманы Марат Жарылқапұлы жамағатқа «Пәтуа сағатын» өткізді.

Аптасына жұма намаздан кейін өткізілетін дәрістің басты мақсаты – көпшілікке дұрыс діни ақпарат беру, жат ағымның алдын алу.

Дәріс барысында мешіт жамағаттары  өздерін толғандырған шариғи мәселелер мен тағат-ғибадат, сенім, таным мәселелері бойынша ҚМДБ пәтуалары негізінде жауап ала алды.Жиналған жамағатқа пәтуаларды жеткізіп,сұрақтарға жауап берді.