blog Images

Орталық мешітте «Аталар мектебінің» жиыны өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Аталар мектебінің» алқалы  жиыны өтті.

Шараның басты мақсаты бұхара халыққа және жастарға ақыл-кеңес айтатын ақсақалдар мектебін жаңғырту. Сол арқылы дәстүрлі дін мен қазақы тәрбиені насихаттау.

Жиында арнайы алғы сөзді алған мешіт имамы Іздібай Бегенұлы ақсақалдардың қоғамдағы мәртебесі жөнінде сөз қозғап,  аталар институтының орны айрықша екендігін тілге тиек етті.