Орталық мешітте “Әжелер мектебінің” жиыны өтті
“Ислам және дәстүр құндылығы” жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен “Әжелер мектебінің” алқалы жиыны өтті.
Жиында кәзіргі таңдағы отбасы қиыншылықтарымен оларды шешуге бағытталған іс шаралар талқыланып алдағы айға жоспарлар қойылды. Алқалы жиында әйел-қыздар сектор жетекшісі Ұлдаулет Қоңыратбайқызы сөз алып, әжелерміздің тек өз отбасының ғана емес бүкіл ел-анасы екенін тілге тиек етіп, әйелдің қоғамдағы рөліне тоқталды. Әйел-қыздар тәрбиесі баршамызға ортақ – аманат деген сектор басшысы әжелер мектебін бірлесе қызмет жасауға шақырды.
Жиын соңында “Ар- Рахман” мешітінің ұстазы Жансая Қалбекқызы “Жат ағымның зардабымен, қыз келіншектерімізді жат ағымнан қорғаудың маңызды” екенін атап өтті.

