blog Images

Орталық мешіт жамағатына Халал түсінігі кеңінен түсіндірілді

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Халал — шариғат талабы» тақырыбында жамағатқа  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

ҚМДБ «Халал даму» мекемесінің Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің  бас маманы Іздібай Бегенұлы жамағатқа күнделікті қолданып жүрген азық-түлігіміз бен өзге де тұрмыстық заттардың тазалығы мен адалдығына аса мән беру керектігін баяндады.Сонымен қатар халал сертификатын берудегі мақсат пен оның маңызын түсіндіре келе сертификат алудың шарттарын атап өтті.
Адал өнім өндіру технологиясы, шариғатқа сай халал мен харамды ажырату мәселелері, кәсіпорындарда аудиттің жүргізілуі, зертханалық тексерістің орындалуы, тағамдық қоспалар халалдығының маңызы секілді өзекті мәселелерді түсіндірді. Сондай-ақ, м жамағат көкейлерінде жүрген сұрақтарына тұщымды жауаптар алып,  алғыстарын білдірді.