blog Images

«Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы» мешітінде жиын өтті

Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық«Оразмағанбет ахұн Тұрмағанбетұлы» мешітінде Қасиетті Миғраж түніне орай «Исра және Миғраж түні» атты жиын өтті. 

Жиында мешіт бас имамы Адаев Оразбай  жамағатқа Миғраж түнінің маңызы және құндылығы жайлы уағыз айтты. Жамағат арасында Миғраж оқиғасына байланысты сұрақ- жауап ойыны өткізіліп, жеңімпаздарға қаржылай сыйлык берілді.