blog Images

“Оразмағанбет ахун” мешітінде жамағатпен айлық отырыс өтті

“Ислам және дәстүр құндылығы” жылы аясында Жаңаөзен қаласы Рахат ауылдық “Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы” мешітінде “Ихсан- рухани тәрбие” атты жамағатпен айлық отырыс өтті.

Мешіт жамағатының ауызбіршілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған жиынға Жаңаөзен қаласының бас имамы Қажымұқан Далубайұлы қатысып,жиылған жамағатқа уағыз-насихат айтты.Сондай-ақ,мешіттің ішкі әрлеу-сырлау, жұмыстарын жасаған ұсталарға алғысын білдіріп сый -сияпат жасалды.