blog Images

«Оразмағанбет ахұн Тұрмағанбетұлы» 10 отбасыға қайырымдылық жасады

Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық«Оразмағанбет ахұн Тұрмағанбетұлы» мешітінде Ережеп айының құрметіне 10 отбасыға   қайырымдылық шарасы өтті.

Сауабы мол  игі шара барысында мешіт қызметкерлері  10 әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға,көп  балалы отбасыларға қайырымдылық жасап, күнделікті тұтынуға қажетті   азық-түлік салынған қораптар үлестірді.Көмек алған отбасылар мешіт қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, қызметтеріне береке тіледі.