blog Images

«Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінде Құран жарысы өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт шәкірттері арасында «Құран түскен құтты ай» атты Құран жарысы өтті.

Рамазан – Құран айы. Алланың ақырғы Елшісінің (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) бір хадисінде «Сендердің ең жақсыларың, Құранды үйреніп оны өзгелерге үйреткендерің» депті. Шындығында да, асыл діннің қайталанбас құндылығы, екі дүние бақытының баяны Құран Кәрімді насихаттау – әрі сауапты, әрі жауапты үрдіс.Шәкірттер арасында діни сауаттылықты арттыру мақсатында өткен сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаз атанған шәкірттерге қаржылай сыйлықтар берілді.