blog Images

«Оразмағанбет ахұн» мешітінде рухани кеш өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен қасиетті Бараат түнінің құрметіне орай рухани кеш өтті.

Бараат – күнәлардан тазарып, оттан құтылуға мүмкіндік беретін, дұғалар қабыл болатын, кері қайтарылмайтын берекелі түн.Берекелі түн қарсаңында өткен игі шарада Бараат түнінің қасиеті, маңыздылығы жайлы уағыз айтылып, түрлі сұрактар қойылып, логикалық ойындар ойнатылып сыйлықтар таратылды.