blog Images

«Оразмағанбет ахұн» мешітінде мүмкіндігі шектеулі жандарға ауызашар берілді

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы  аясында Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінде Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы «Оқушылар шығармашылық үйі» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік КММ ұжымының демеушілігімен  қасиетті Рамазан айында мүмкіндігі шектеулі жандарға ауызашар берілді.

Ауызашарда  мешіт бас имамы Адаев Оразбай жиналған жандарға шүкіршілік жайлы және келе жаткан Қадір түнінің қасиеті жайлы уағыз насихат айтып, Рамазан қоржынынан сыйлықтар табыстады.