blog Images

«Оразмағанбет ахұн» мешітінде «Дін мен дәстүр» бұрышы ашылды

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы  аясында Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінде «Дін мен дәстүр» бұрышы ашылды.

Ізгі шараға облыс бас имамы,ауыл ақсақалдары,ақ жаулықты әжелер қатысты.Осы орайда, облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы ақсақалдар мен әжелер мектебінің ұжымымен бірге  дәстүрге сай тұсаукесер рәсімін өткізіп,ақ батасын берді.Шара соңы қазақы нақышта әзірленген дін мен дәстүр бұрышында ақ дастархан жайылып,жалғасын тапты.

Дін мен дәстүр бұрышы – ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, қоғам тәрбиесіне атсалысатын алаң ретінде жұмыс істейтін болады.Айта кетейік, «Дін мен дәстүр» бұрышында ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып амалдары орындалмақ.