blog Images

«Оразмағанбет ахұн» мешіті:»Аталар мектебінің» алғашқы жиыны өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінде бұқара халыққа және жастарға ақыл-кеңес айтатын «Аталар мектебі» құрылып, жылдың алғашқы жиыны өтті.

Жиынға облыс бас имамы ,жергілікті мешіт имамдары,ауыл ақсақалдары,ақсақалдар алқасының мүшелері арнайы қатысты.Облыс бас имамы  қоғамды ізгілендіру жолындағы аталар мектебінің құрылудағы мақсатын,жұмыс жоспарын,ақсақалдардың қоғамдағы мәртебесі жөнінде сөз қозғап,  аталар институтының орны орасан зор екендігін айтып өтті.

Шараның басты мақсаты қазақ отбасының қазынасы саналатын қариялардың өнегесі арқылы жас буынды өнеге мен ізгілікке тәрбиелеу.Жиында жаңа бастамаға ақсақалдар қауымы қолдау білдіріп, Құран оқылып, дұға жасалды.

 Бүгінгі ашылып отырған «Аталар мектебі»   алдағы уақытта қоғамдағы жастарға дұрыс бағдар беруге, салт-дәстүр, әдет-ғұрып негіздері туралы насихаттау бағытында арнайы жоспар құрып, жұмыс істейтін болады,-деді бас Әнуар Ізімбайұлы.