«Оразмағанбет ахұн» мешіті:»Әжелер мектебінің» алғашқы жиыны өтті
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы «Ізгі қоғам» бағыты аясында Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінде бұқара халыққа және жастарға ақыл-кеңес айтатын «Әжелер мектебі» құрылып, жылдың алғашқы жиыны өтті.
Ұрпаққа игілігімен имани тәрбиесін беріп, түйіткілді істе шешім бола білген, дәртүріміздің жаршысы ақ жаулықты аналар ізімен бүгін «Әжелер мектебі»құрылып,жылдың алғашқы жиыны өтті.Жиынға облыс бас имамы ,ақ жаулықты аналар, қыз-келіншектер қатысты.
«Жақсы әйелдің сөзінде даналық, рухында нәзіктік пен кіршіксіз тазалық, адамдармен қарым-қатынасында әрдайым өзін еріксіз сыйлататын және құрмет тудыратын қасиет болады”,— дей келе облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы бүгінгі қоғамдағы отбасылық құндылықты сақтауда әжелердің атқаратын ықпалы зор екенін айтты.