blog Images

«Оразмағанбет ахұн» мешіті «Рамазанда бір тал ек» акциясына қатысты

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінің ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

ҚМДБ-ның «Рамазанда бір тал ек» атты қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау мақсатындағы бастамасына орай мешіт қызметкерлері мен жамағат бірлесе отыра құлшылық үйінің ауласына 150 түп жеміс ағашын отырғызды.