

Өңірлік мешіт ұстаздары жылдық жұмыс жоспарды пысықтады
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде бас имам Әнуар Ізімбайұлының төрағалығымен өңірлік мешіт ұстаздарының жиыны болып өтті.
Ақтау, Жаңөзен қалалары және Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарына қатысты мешіт ұстаздарының қатысуымен өткен алқалы жиында облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы ҚМДБ Мүфтият баспасынан жарық көрген кітаптарды шәкірттерге оқыту, жамағатқа таныстыру, білім сайыстарын ұйымдастыру т.б жоспарларды ортаға салды.
Сондай-ақ, облыс бас имамы «Muftiyat» баспасынан шыққан «Ислам энциклопедиясы», «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп», «Дін мен дәстүр ІІІ» еңбектерінін ұстаздарға таныстырып,жастардың ғылымға деген құштарлығын ояту, қоғамда дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау, жамағатты бабалар ізімен жүруге үндеу секілді ізгі істерге үлес қосуға шақырды.