blog Images

Өмірзақ Озғанбайұлы зиялы қауым атынан Ораза Айтпен құттықтады

Бүгін Ораза Айт мейрамы – күллі мұсылман қауымының ұлық мейрамы. Оразаны жамағат осы мерекені асыға күтеді. Алыс-жақын ағайын бір-бірінің үйіне барып, жылы лебізін білдіреді. Халқымыздың ынтымағы нығайып, бірлігі беки түседі.  

Осы орайда мемлекет және қоғам қайраткері,тарих ғылымдарының докторы,Республикалық ардагерлер ұйымының орынбасары,ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі,қария Өмірзақ Озғанбайұлы Озғанбаев Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде  Ораза Айт намазына қатысып, зиялы қауым,ақсақалдар атынан Маңғыстаулықтарды Ораза Айт мейрамымен құттықтап қайтты.Жиналған жамағатқа ақ батасын беріп, еліміз бен жерімізге амандық, тыныштық тілеп,жамағатпен бірге  тасқын судың зардабынан қиындыққа душар болған ағайынға жеңілдік тілеп, дұға жасады.