Облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде сенбілік өтті
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде сенбілік өтті.
Көктем мезгілі келгенде жылдағы үрдіс бойынша сенбілікке мешіт ұжымы және жұдырықтай жұмылған жамағат ат салысты. Тазалық шарасында әдеттегідей арық көдері тазаланып, ағаш түптерін қопсытып, әктеп , мешіт ауласы қоқыстан тазартылды.
Әбу һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай десе «Алла Тағалаға елді мекеннің ең көрікті жерлері – мешіттер». Ал Имам Науауи (р.а.): «Қалалар Аллаға мешіттерімен сүйікті. Өйткені мешіттер Алланы еске алу үшін, тақуалық пен ізгі амалдарды егуге арналған Алланың рақымы түскен мекен» деген. Мешіт – құлшылық жасалатын орын. Яғни, ол жерге келудегі басты мақсат – Аллаға құлшылық ету, парыз етілген үкімдерді орындау. Мешіт қоғамдағы барлық мәселенің шешімін табуға, елдегі бірліктің, ынтымақтың сақталуына тікелей себепші болатын орын екенін естен шығарманымыз абзал.