blog Images

Облыстық мешітте саяси қуғын-сүргін құрбандарына Құран бағышталды

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде 31 мамыр – ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарындарына ,шейіт болған марқұмдарға ,бабалар рухына Құран бағышталды.

Өткен тарихты ұмытпау, ұлт басынан өткен елеулі оқиғаларды жадында сақтау — ұрпақ міндеті..Облыс бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы қасиетті Құран аяттарын оқып, саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына бағыштады.

Біздің ұлт ретінде ұйысып, еңселі ел болып отырғанымыз әуелі Алла, сосын кешегі ата-бабаларымыздың қайтпас қайсарлығы мен жанкешті ерліктерінің арқасында деп білеміз. Басы айдауда, қолы байлауда жүрсе де ебін тауып ел үшін еңбек етті. Раббымыз оларды өз рақымына бөлесін!