

Облыстық мешітте мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық көмек берілді
16 желтоқсан -Тәуелсіздік күні Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешіті және Маңғыстау қажылар қауымдастығының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап «Тәуелсіздік сыйы» атты қайырымдылық шарасын өткізді.
Ізгілік шарасында көру қабілетінде ақауы бар 20 зағип жанға,сөйлеу қабілетінен айырылған 20 мүмкіндігі шектеулі жанға азық-түлік салынған қораптар үлестірілді. Облыс бас имамы мүмкіндігі шектеулі жандардың көңілдерін аулап, олардың өмірге деген құлшынысын арттыруға, сол арқылы қайырымды қоғам құруға үндеді. Сонымен қатар, игі істің өтуіне атсалысқан жандарға алғысын білдірді.
Азық-түлік себеттерін алған отбасылар игі жобаға қолғабыс тигізген барша дін қызметкерлеріне, қайырымды жандарға шексіз ризашылықтарын жеткізді.Алла сауаптан жазып, қам көңіл жандардың үміттері сөнбей, дертіне шипа берсін деп тілейміз!