blog Images

Облыстық мешітте Конституция күніне орай семинар ұйымдастырылды

Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінде Конституция күні қарсағында “Отанды сүю -иманнан” тақырыбында семинар өтті.

Семинар жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу мақсатында ұйымдастырылды. Семинар барысында Маңғыстау облысының әйел-қыздар сектор жетекшісі Ұлдаулет Қоңыратбайқызы Исламдағы отан түсінігіне тоқталып, жас ұрпақты отанымызды сүюге, еліміз үшін қызмет етуге шақырды.