blog Images

Облыстық мешітте “Бақытты отбасының тірегі – ана”атты семинар өтті

“Ислам және дәстүр құндылығы” жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінде “Бақытты отбасының тірегі – ана” тақырыбында семинар өтті.

Семинарды Нұр-Мүбарак университетінің профессоры, PhD доктор Әділбаева Шәмшат Амангелдіқызы жүргізді. Шәмшат Амангелдіқызы әйел бақыты, бақытты отбасы болудың құпияларымен бөлісті. Сондай -ақ,жамағатқа “үйдің- берекесі әйел” – дей келе ұстаз, “үйлерін- мешіт секілді жүректің , тыныштық мекеніне “- айналдыру өз қолдарында екенін атап өтті. Жамағат көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауаптарын алды. Семинар соңында облыстық әйел-қыздар секторының жетекшісі Ұлдаулет Қоңыратбайқызы Шәмшат Әділбайқызына алғысын білдіріп, сый сияпаттарын табыс етті.