blog Images

Облыстық мешітте Айт намазы оқылды

Бүгін мұсылман қауымының ұлық мерекелерінің бірі – Ораза айт мейрамы басталды.Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде жамағаттың қатысуымен , таңғы сағат 07:45-те айт намазы оқылды.

Таң сәріден Алла үйіне жиналған жамағатты облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы  Ораза айт мерекесімен құттықтап,“Оразаның қадір қасиеті,айт” тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Намаздан кейін айт хұтпасы оқылып, мешіт жамағаты Жаратушы Алладан еліміз бен жерімізге амандық, тыныштық тілеп,жамағатпен бірге  тасқын судың зардабынан қиындыққа душар болған ағайынға жеңілдік тілеп, дұға жасады. Дұға жасалып болған соң, мешітке жиналған мұсылмандар бір-бірін Ораза айт мейрамымен құттықтап, мәре-сәре болды.