НАИБ МҮФТИ-МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІНДЕ
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасының орынбасары,наиб мүфти,Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, Сансызбай Құрбанұлы іссапармен Маңғыстау облысына келді.
Аталмыш іссапар барысында наиб мүфти Бейнеу аудандық орталық»Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінің жамағатымен жүздесіп,жұма уағызын жүргізді.Құран және ғылым тақырыбында жұма уағызын жүргізген Сансызбай Құрбанұлы Құран Алланың сөзі екені күмәнсіз хақ,ал Құранда келген ғылым – Алланың құдіретін танудың айқын дәлелі екендігін түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар,Қарақия ауданы Жетібай ауылдық «Сүйінғара батыр» мешітінде,Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінің жамағатымен кездесіп,»Қанағат» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Сондай-ақ,жиылған жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға шариғат шеңберінде жауап берді.