

Наиб имам жазасын өтеуші азаматпен жеке кездесу өткізді
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Байкенже Серікбайұлы түзету мекемесіне барып, жазасын өтеуші азаматпен жеке кездесті.
«Иман,ислам,ихсан» тақырыбында насихат айтқан наиб имам иманымыздың кәмілдігі біздің күнделікті жасап жүрген амалдарымыздың көркем және шынайылығы ихсан деңгейін білдіретіндігін айтып,Алла Тағаланың сипаттарын әрдайым жүрегіміз бен ойымызда сақтайтын болсақ екі дүниеде игілікке жететіндігін айтты.Сондай -ақ,кездесу соңынан жазасын өтеуші азамат тарапынан сұрақтар қойылып,наиб имам шариғат шеңберінде тұщымды жауап берді.