blog Images

Наиб имам «Тұщықұдық» мешітінде уағыз айтты

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылдық «Төлей ишан» мешітінің наиб имамы Үрбісінов Аслан Маңғыстау аудандық Тұщықұдық мешітінде “Ниет” тақырыбында уағыз айтты.

Наиб имам өз сөзінде:»Ниет– адам әрекетінің нақтылы мақсатын, мазмұнын бейнелейтін қозғаушы күш. Ниетсіз, себепсіз мақсат қойылмайды. Кісіні нысанаға бағыттайтын да, істің мән-мәнісін белгілейтін де ниет.  Оның мазмұны адамның қылығы мен пиғылында. Ал ниеттің мекені – жүрек. Қашан адамның жүрегі жақсы ниеттерге толса, ол жақсы ізгі амалдарды атқарады«,деді.Уағыз-насихат соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп,тұщымды ойларымен бөлісті.