blog Images

Наиб имам «Төрлетіңіз» бағдарламасының қонағы болды

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата»  мешітінің наиб имамы Байкенже Серікбайұлы Mangystau TV телеарнасында шығатын «Төрлетіңіз» бағдарламасының қонағы болды.

«Отбасын құру-жауапты бастама» тақырыбында өткен кездесуде қоғамның іргетасы отбасынан басталатындығын, сондықтан отбасы мықты болса, одан құралған қоғам да соншалықты мықты болатындығын айтып,дінімізде де отбасының алар орыны зор екендігін,отбасы шаттығын қалыптастырудың бір тетігі екі жастың бір- бірімен жақсы мәмілесінде екендігін айтып өтті.