blog Images

Наиб имам «Төрлетіңіз» бағдарламасында қонақта болды

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата»  мешітінің наиб имамы Жұмабай Қуандықұлы Mangystau TV телеарнасында шығатын «Төрлетіңіз» бағдарламасының қонағы болды.

«Сыйлық сыйлау әдебі» тақырыбында өткен кездесуде наиб имам сыйлық сыйлаудың ислами құндылықтармен біте қайнасқан қазақи салт-дәстүрімізде сый тарту ежелден бар үрдіс екендігін , көптеген хадистерінде сыйлық тарту ету адамдардың бір-біріне деген сыйластығын, татулығын, өзара сүйіспеншілігін арттыратындығын айтып өтті.