blog Images

Наиб имам Басшы Айжанақұлы мешітінде жұма уағызын айтты

Бейнеу аудандық «Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінің наиб имамы Эбилов Ертай Бейнеу ауылдық «Басшы Айжанақұлы» мешітінде жұма уағызын жүргізді.

«Жақсы сөз-жарым ырыс»тақырыбында жұма уағызын жүргізген мешіт имамы адамдар жақсы сөз сөйлеу арқылы қоғамда бірлік пен береке орнап, араларында жылулық пен қарым-қатынас сақталады. Ал керісінше өсек, өтірік, жала жабу сияқты жаман, күнәлі сөздер көбейсе, қоғамда сенімділік жоғалып, берекетсіздік орын алатындығын айтып,адамзат өзіне берілген осы нығмет үшін пенде Жаратушысына шүкір етіп, дұрыс сөз сөйлеп, күнәлі сөздерді айтудан сақтануы қажет екендігін түсіндірді.

Алла Тағала баршамызды жан дүниесі бай, рухани кемел жандардан етіп, қасиетті жұма күнгі дұға-тілектерімізді қабыл еткей!