blog Images

Наиб имам «Ар-Рахман» мешітінде уағыз айтты

ҚМДБ-ның «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы,азаншы Серіжан Аудабаев жамағатқа Пайғамбарымыз  (с.а.с) өмірбаяны жайлы салихалы уағыз айтты.

 Алладан келген шариғатты жеткізуші адам сол пайғамбарлар болған себепті, олардың өмір сүру тарихын, жүрген жолын білмеу мұсылмандық сипатқа жат нәрсе. Өйткені иманның жеті шартының бірі сол пайғамбарларға иман келтіру болып табылады. Жамағат уағызды ден қоя тыңдап, сауалдарын қойды.