blog Images

Наиб имам әскери бөлімде кездесу өткізді

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Байкенже Серікбайұлы әскери ортада ойынқұмарлық пен өз -өзіне қол жұмсау деректерінің көбеюіне байланысты 35950 әскери бөлімінің әскери қызметкерлеріне «Ойынқұмарлық» және «Өз-өзіне қол жұмсау» тақырыбында сондай -ақ ,оның зардаптарының алдын алу бағытында рухани дәріс өткізді.

Әскери қызметкерлерге өзін-өзі өлтіру дінімізде де ауыр күнә екендігін,ал ойынқұмарлықтың соңы көбіне өзін-өзі өлтіруге алып келетіндігін,және құмар ойындардың зардабы елдің дамуына өзіндік кері әсерін тигізетіндігін түсіндіріп өтті.