blog Images

Наиб имам әскери бөлімде кездесу өткізді

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Байкенже Серікбайұлы Ұлттық ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 3502 әскери бөлім қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Әскери бөлім басшылары, әскери бөлім қызметкерлерімен  өткен шара барысында Байкенже Серікбайұлы суицидтің тығырықтан шығар жол емес екенін айтып, бұл әрекетке қатысты Құран аяттары мен ардақты пайғамбарымыздың хадистерінен нақты дәлелдер келтірді.