blog Images

Мысырдағы «Талаба» қауымдастығы мүшелеріне ауызашар берілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған «Талаба» қауымдастығының Мысыр еліндегі орта арнаулы, жоғары діни оқу орындарында оқитын 190 шәкіртке Маңғыстау облысы өкілдігінің  атынан  ауызашар берілді.

Қасиетті Рамазан айындағы елдің ыстық сәлемдемесіндей болған қайырымдылыққа дән риза болған шәкірттер ауызашар ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.