blog Images

Мұнайшы ауылында ел амандығы үшін ауызашар дастарханы жайылды

«Ислам және дәстүр құндылығы «жылы аясында Қарақия ауданында орналасқан Мұнайшы ауылында ел амандығы үшін,ел бірлігі үшін қасиетті Рамазан айында  ауызашар дастарханы жайылды.Жиылған асқа ауыл тұрғындары,ауыл ақсақалдары қатысыты.

Сондай- ақ ,Мұнайшы ауылдық «Ар-Рахим» мешітінде ел амандығы үшін,тасқын судың зардап шеккен аймақтар үшін  Құран оқылып,жамағатпен дұға жасалды.

Судан жапа шеккен отбасыларға Раббымыздан жеңілдік, жәрдем және сабыр тіледі. Алла Тағала халқымызды су апатының зардабы мен кесірінен сақтағай. Ел аман, жұрт тыныш болғай! Әмин!