blog Images

«Мұханмедин Шихыұлы» мешітінің жамағаты Қадір түнін қарсы алды

» Ислам және Дәстүр құндылығы» жылы аясында Жаңаөзен қаласының маңындағы Қызылсай ауылында орналасқан «Мұханмедин Шихыұлы» мешітінің жамағатты Қасиетті Қадір түнін қарсы алды.

Мың айдан қасиетті Қадір түніне арнайы бағдарлама жасалып, уағыздар кестесі құрылған болатын. Биыл да қасиетті Қадір түніне жиналған жамағаттың қарасы көп болып, мешіт іші мен ауласына лық толды. Мешіт бас имамы Бералы Жалғасбайұлы  «Қадір түні – мың айдан да қадірлі» тақыбырындағы уағыз айтып, жиналған жамағатқа қасиетті түнді дәріптеді.Сонымен қатар,белсенді жамағатқа 65 алғыс хат және 65 сыйлық берілді.